«Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы

    ·
    «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы

    🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 24 шілдеде Әулиекөл ауданының аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға бағытталған «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті.
    🔹Іс-шараға прокуратура өкілдері, мемлекеттік органдардың мамандары, сондай-ақ аудандық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Акция барысында тұрғындарға әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.
    🔹Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамға толыққанды кірігуіне ықпал ету және заңмен кепілдендірілген құқықтарын іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз кызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары