Құқықтық көмек керуені

    Құқықтық көмек керуені

    «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 2 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылының мәдениет сарайында Арқалық қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы Абзал Бердикулов Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы, Қостанай облысының нотариусы, прокуратура, полиция және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген «Құқықтық көмек керуені» көшпелі акциясына қатысты. Іс-шара барысында тұрғындар мемлекеттік органдардың өкілдерімен құқықтық мәселелер бойынша кеңесіп, өз сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Абзал Бердикулов тұрғындарға «Өндіріп алушының өтініші негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметі туралы түсіндірді.

    Қостанай облысы

    Әділет департаментінін

    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары