
Таза аула, таза көше, таза табиғат — мұның бәрі күнделікті қарапайым әрекеттен басталады. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасының мәні тек аумақтарды тазалау мен абаттандыруда емес, қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруда екенін атап өтті. Биыл еліміз бойынша 600-ден астам экологиялық іс-шара өтіп, оған 7 млн азамат қатысты. 130 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 1,3 млн ағаш отырғызылды. Бұл сандардың артында бір маңызды ұстаным бар: табиғатқа ұқыпты қарау бір реттік акциямен аяқталмауы керек. Ол біздің күнделікті әдетімізге айналғанда ғана нәтиже тұрақты болады. Таза Қазақстан — ортақ жауапкершілік. Ал тазалық әрқайсымыздан басталады.









