
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыарқа ауданында заңсыз граффитилерді жою акциясы өтті. Іс-шараға белсенді жастар мен полиция қызметкерлері , аудан әкімдігі қатысты.
Акция барысында саябақтар, скверлер және коммуналдық нысандардағы рұқсатсыз жазулар өшірілді. Мамандардың айтуынша, граффитилер көбіне қоғамдық орындарда кездесіп, қала келбетіне нұқсан келтіреді.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Ұйымдастырушылар тұрғындарды ортақ мүлікке ұқыпты қарап, қаланың тазалығын сақтауға шақырды.







