Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары

    Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары

    Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді:
    адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
    адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
    әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
    ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
    сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
    клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары