
Шілде айының 17, 18 күндері Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Ақадыр кенті әкімдігінің қолдауымен Дәстүрлі садақ атудан ересектер және жастар арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облысымыздың қалаларынан және аудандарынан 50-ге жуық спортшы қатысып, 4 нысана (70 метр ерлер, 60 метр қыздар Пута, 50 метр Қалқан, 40 метр Орта Азия, 30 метр Жамбы) бойынша өзара сайысып, бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатына Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Дәурен Құралұлы, Қарағанды облысының дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Ақшолақов Қуан Қуатұлы, Ақадыр кентінің әкімі Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы және басқа да спорт жанашырлары қатысты. 2 күнге созылған жарыста облысымыздың үздіктері анықталып, облыс құрамасы жасақталды. Жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері қыркүйек айында Атырау қаласында өтетін Қазақстан республикасының чемпионатына және Абай облысы Аягөз қаласында өтетін Республикалық турнирге жолдамаларға ие болып, жарыс үздіктері кубоктармен медаль және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар 1-ші орын алған спортшылар ҚР







