Энергоминде ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды

    Энергоминде ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды

    Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешені объектілерінің технологиялық жүйелерін қорғауға арналған ENERFORT 2026 алғашқы салалық кибероқуларының қорытындысы шығарылды.
    Екі күн бойы отын-энергетика кешені кәсіпорындарының 120-дан астам маманы заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдірді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орын алған командалар дипломдармен марапатталды.

    «Энергетика министрлігі үшін ENERFORT – мамандардың құзыреттерін бағалау, олардың даярлығын жетілдіру және отын-энергетика кешені объектілерінің киберорнықтылығының заманауи жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың бастауы. Оқу-жаттығу нәтижелері энергетикалық инфрақұрылымның қорғалу деңгейін арттыруға және сала бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге негіз болуы тиіс», – деді Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары