МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

    ·
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Т. Джузбаева және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.

    Семинар барысында Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтау, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктер мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Семинар барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтарға жатқызылатыны түсіндірілді. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылатыны жеткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қызмет барысында да, қызметтен тыс уақытта да сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама аясында толық жауаптар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары