Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

    ·
    Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

    2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде жаңа заңнамалық нормаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.

    Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Кенжеқұлов және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е. Жылысбаев қатысты.

    Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, заң талаптарын біріздендіріп қолдану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

    Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнаманы тәжірибеде тиімді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін нығайтуға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары