2026 жылғы 23 шілдеде Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен «ҚазСпортИнвест» АҚ-мен бірлесіп, «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізуге тартылған нысандардың (қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, спорт құрылыстары және турнирді өткізуге қатысатын басқа да ұйымдар) өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

    ·

    Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
    Кеңес барысында Департамент мамандары халықаралық іс-шараны дайындау және өткізу кезінде сақталуы міндетті негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатысушыларға жеткізді. Қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру, тамақ өнімдерін сақтау және тасымалдау талаптарын сақтау, персоналдың міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуі, өндірістік бақылауды жүргізу, дезинфекциялық режимді сақтау, сондай-ақ турнирге қатысушыларды, ресми делегациялар мен қонақтарды қабылдауға объектілердің дайындығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Сонымен қатар, кеңеске қатысушыларға турнирге дайындық барысында анықталған проблемалық мәселелер таныстырылып, оларды шешу жолдары талқыланды және анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюға бағытталған тиісті шаралар айқындалды.
    Осындай кеңестерді өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирін қауіпсіз өткізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары