
Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) - қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес әрбір жұмыс беруші тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті.
ЖОМС-тың негізгі мақсаты – өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету.
Міндетті сақтандыру мыналарды қамтамасыз етеді:
-қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды;
-қызметкер қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар адамдарға сақтандыру төлемдерін төлеуді;
-сақтандыру жағдайы туындаған кезде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды.
Жұмыс беруші міндетті:
-қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын уақтылы жасасуға;
-еңбек қатынастарының барлық кезеңінде сақтандыру шартының қолданыста болуын қамтамасыз етуге;
Қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ЖОМС шартын уақтылы жасасу – заң талаптарын орындау ғана емес, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға орын алған жағдайда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына берілетін маңызды кепілдік.









