
2026 жылғы 24 шілдеде Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Санат Төкеновтің төрағалығымен ауданның 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысына қатысты жиын өтті.
Жиынға ауыл әкімдері, аудандық бөлім басшылары, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің, денсаулық сақтау ұйымдарының, «Тұрмыс-Сервис» МКК, «Таза-Қарақия» МКК, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ, «QazaqGazAimaq» АҚ өкілдері және басқа да жауапты мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның жылыту маусымына дайындығы, жылу қазандықтарын күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру, қажетті қаржы көлемін анықтау, сондай-ақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күзгі-қысқы кезеңде күтіп ұстау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, «QazaqGazAimaq» АҚ-ның «РЦКУ-Ақтау» ЖШС қызметін тоқтатуы мүмкіндігіне байланысты алдағы уақытта «Тұрмыс-Сервис» МКК тарапынан қызмет көрсету бойынша рұқсат алу жұмыстары талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу, жылу нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қысқы кезеңге қажетті инфрақұрылымдық дайындықтарды пысықтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









