Талды–Берекет автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Талды–Берекет автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Қазіргі таңда Талды–Берекет автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жолдың сапасын жақсарту мақсатында жол жабыны жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.

    Сонымен қатар, жол бойындағы су ағар жүйелері толықтай жаңартылып, жаңадан орнатылуда. Бұл жұмыстар жолдың ұзақ мерзімге қызмет етуін қамтамасыз етіп, жауын-шашын және еріген қар суларын тиімді ағызуға мүмкіндік береді.

    Жөндеу жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде және аяқталғаннан кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы едәуір артады.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары