Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    ·
    Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    Шымкент қаласы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

    Іс-шара барысында автокөлік, мопед, электрлі велосипед, электрсамокат және өзге де көлік құралдарының жүргізушілері тексеріліп, оларға Жол қозғалысы қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда.

    Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің құқықтық мәдениетін арттыру.

    Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтап, өз қауіпсіздігіңізге және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға ортақ міндет.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары