Шымкентте «Ауладағы қабылдау» акциясы аясында тұрғындардың ұсыныстары ескерілді

    ·
    Шымкентте «Ауладағы қабылдау» акциясы аясында тұрғындардың ұсыныстары ескерілді

    Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Күншығыс шағынауданының №18, №19 және №20 тұрғын үйлерінің маңындағы аллеяда «Ауладағы қабылдау» акциясы өткізілді.

    Кездесу барысында тұрғындар аулаларға қосымша жарық шамдарын орнату және Күншығыс шағынауданындағы аллея аумағында түнгі уақытта полиция қызметкерлерінің патрульдік қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

    Қазіргі таңда аталған ұсыныстар негізінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің жаяу патруль наряды осы аумақта қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқаруда.

    Полиция тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне әрдайым назар аударып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары