«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелеріне паспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастап дайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдер көрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жеке куәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мен дербес деректерді тексеруде қолданылатын технологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестікті нығайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұған дейін Корея Республикасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжат бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестікті нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңызды қадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Ұқсас материалдар

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті
Ашу
Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасыАшу
"" жаңалықтары

Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Ашу
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде
Ашу
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
Ашу
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда, тіпті үйіңізде де мемлекеттік қызметтерді басым тәртіппен алуға көмектесетін жеке менеджер бар екенін білесіз бе?
АшуАзаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
Ашу