Қазақстан Республикасының Құрылтай сайлауы туралы

    ·
    Қазақстан Республикасының Құрылтай сайлауы туралы

    Құрметті отандастар!

    2026 жылғы 23 тамызда Париж қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы №410 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.
    Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.
    Франциядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №410 учаскесінде 18 жасқа толған және француз қалаларында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.
    №410 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне [email protected] электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.
    Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.
    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +33 1 45 61 52 02 /3731 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
    Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің мекенжайы: 59 rue Pierre Charron, 75008 Paris.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары