Мониторинг жүргізу туралы

    Мониторинг жүргізу туралы

    Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева мектептердің оқу жылының басталуына дайындық бойынша мониторинг жүргізу шеңберінде Тимирязев ауданының Степная орта мектебінде болды.
    2026-2027 оқу жылына 1 сыныпқа балаларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. 22 шілдедегі жағдай бойынша 6 өтініш қабылданған. Мектеп педагогикалық кадрлармен 96% - ға жасақталған, мектептің шағын орталығына тәрбиешінің бос орны бар екендігі анықталды, хабарландыру Enbek.kz порталына берілген.
    Сондай-ақ, департамент басшысы балалардың қауіпсіздігі, санитарлық тораптармен қамтамасыз ету, нысанды жаңа оқу жылына дайындау, жылыту жүйесі, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелерін зерделеді.
    Ағымдағы жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша интернет жылдамдығы 10 МБ/сек болған еді. Бұл мәселе «Қазақтелеком» АҚ мамандары арқылы шешілгені анықталды және визуалды тексеру кезінде Интернет жылдамдығы 99,95 МБ/сек құрады.
    Департамент мектептердің мониторингі мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары