Есірткіге қарсы – бірге күресейік!

    Есірткіге қарсы – бірге күресейік!

    Әуезов ауданында жай ғана акция емес, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен маңызды бастама өтті.

    Аудан әкімінің аппараты, Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ауданның белсенді жастары «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы аясында көшелерді аралап, есірткіні насихаттайтын заңсыз жазуларды жойды.

    Әрбір өшірілген жазу – жастарды зиянды ақпараттан қорғауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға қосылған үлес.

    Таза көше – тек тазалықтың емес, қоғамның жауапкершілігінің белгісі. Сондықтан мұндай бастамалар ауданымызда алдағы уақытта да жалғасады.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары