Өкілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Тергеу изоляторына мониторингтік сапар жүргізді

    Өкілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Тергеу изоляторына мониторингтік сапар жүргізді

    Өкілдік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Тергеу изоляторына қамауда ұсталатын адамдарды ұстау жағдайларымен, санитариялық-тұрмыстық нысандардың, медициналық блоктың, кездесулер өткізуге және серуендеуге арналған үй-жайлардың жай-күйімен, сондай-ақ медициналық қамтамасыз етуді, тамақтандыруды және материалдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен танысу мақсатында мониторингтік сапар жүргізді.

    Сапар барысында қамауда ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына, медициналық көмектің қолжетімділігіне, ұстаудың санитариялық-гигиеналық жағдайларына, өтініштер мен шағымдар беруге құқықтың қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ адвокаттармен кездесулердің құпиялылығының сақталуына ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі" жаңалықтары