«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында

    ·
    «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында

    Әл-Фараби ауданы аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мақсатында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына рейдтік іс-шара жүргізілді.

    Аталған іс-шараға Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен қатар Жастар саясаты мәселелері жөніндегі мамандар, психологтар, денсаулық сақтау саласының мамандары және «Отырар» телеарнасының түсірілім тобы қатысты.

    Рейд барысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ құқықтық және психологиялық кеңестер беріліп, қолдауды қажет ететін азаматтарға тиісті мекемелердің қызметтері туралы ақпарат ұсынылды.

    Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның кепілі! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары