«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114 бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын» басшылыққа ала отырып, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде 2026 жылғы 13-17 шілде аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштерін бағалау және талдау жүргізді.








