ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    ·
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

    Құрметті отандастар!

    2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас консулдығы жанындағы № 433 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.

    Сайлау өткізу туралы № 1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.

    Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 433 учаскесінде 18 жасқа толған және Баден-Вюртемберг, Гессен, Рейнланд-Пфальц және Саарланд федералдық жерлерінде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.

    № 433 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Бас консулдықтың консулдық бөліміне [email protected] электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.

    Дауыс беру үшін сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +49 69 9714670 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

    Қазақстан Республикасы Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының мекенжайы: Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары