Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар баспанаға қол жеткізу, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін ортаға салды. Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, олардың мән-жайы жан-жақты зерделенді.
Көтерілген мәселелердің шешу жолдары заң талаптары аясында жан-жақты талқыланып, жауапты бөлімдер мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Жедел шешуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен орындалуы қамтамасыз етілетіні жеткізілді.
Халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың талап-тілегіне бейжай қарамау – жергілікті атқарушы билік жұмысының басты қағидаттарының бірі. Осы бағыттағы қоғамдық қабылдаулар азаматтардың көкейінде жүрген мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың заң аясында тиімді шешілуіне мүмкіндік береді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.