Қазақстанда алғаш рет экономикалық білімі бар полицейлер сарапшы-тауартанушылар атанды

    ·
    Қазақстанда алғаш рет экономикалық білімі бар полицейлер сарапшы-тауартанушылар атанды

    Қазақстанда алғаш рет экономикалық білімі бар полицейлер сарапшы-тауартанушылар атанды

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша Қостанай облысының Полиция департаментінде сарапшы кадрларды даярлаудың жаңа кезеңі іске асырылды.

    Қазақстанда алғаш рет экономикалық білімі бар полиция қызметкерлері мамандандырылған оқытудан өтіп, тауартану және азық-түлік емес тауарларды сараптау саласындағы сарапшылардың біліктілігін алды.

    Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары Институты филиалының басшысы Евгений Сохарев пен Қостанай облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов Карина Клименко мен Марат Жүсіповке біліктілікті арттыру туралы сертификаттарды табыстады.

    Алынған білім мамандарға қылмыстық істерді тергеу кезінде қажетті тауарлық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл сараптамалық-криминалистикалық сүйемелдеудің сапасын арттырады және сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары