№19 мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды.

    №19 мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды

    Бүгін №19 мектепте 5-сынып оқушыларына арналған «Жас сақшы» бейінді полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Оқушылар заңнама негіздерімен, ішкі істер органдарының қызметімен танысып, тәртіп пен командалық жұмыс дағдыларын меңгереді.

    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге ерекше назар аударылады.

    «Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды қадам. Себебі бала кезінен заңды құрметтеп, тәртіпті бағалап, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйрену – болашақтың берік негізі.

    #ЗаңменТәртіп #ЖасСақшы #ҚостанайОблысыныңПолициясы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары