ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ФЕДОРОВ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 7 ГРАММ СИНТЕТИКАЛЫҚ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТЫ ТӘРКІЛЕДІ
Полиция қызметкерлері Федоров ауылының 38 жастағы тұрғынынан және оның тұрғылықты жерінен 30 ораманы тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









