Startup Orda бағдарламасына өтінім қабылдау басталды!

    Startup Orda бағдарламасына өтінім қабылдау басталды!

    Стартап идеяңыз бар ма? Әлде әлі ізденіс үстіндесіз бе? Startup Orda бағдарламасы технологиялық жобаңызды дамытуға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Тіпті әзірге идеясы немесе MVP-і болмаса да, бағдарламаға қатысып, жобаңыз нөлден бастауға болады.
    Startup Orda – IT және инновациялық жобалардың авторларына өз идеясын өміршең өнімге айналдыруға мүмкіндік беретін тегін инкубациялық бағдарлама.
    Бағдарлама барысында сіз:
    стартап идеясын пысықтайсыз;
    тәжірибелі трекерлер мен менторлардан қолдау аласыз;
    бизнес-модель құруды және MVP әзірлеуді үйренесіз;
    воркшоптарға қатысып, коворкинг кеңістіктерін тегін пайдаланасыз.
    Маңызды: Қазіргі таңда бағдарламаға тек өтінімдер қабылдануда. Өтінім беру бағдарламаға автоматты түрде тіркелуді білдірмейді. Бағдарламаға тіркелу жөнінде қосымша ақпарат жіберіледі.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" жаңалықтары