Абай облысы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда: AuxBridge және Mekorot компанияларымен меморандумдарға қол қойылды

    Абай облысының әкімдігі халықаралық ынтымақтастықты нығайту және өңірдің экономикалық әрі инфрақұрылымдық әлеуетін дамыту бағытында екі меморандумға қол қойды.

    Бірінші меморандум AuxBridge компаниясымен жасалып, технологиялар трансфері, инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты көздейді. Келісім аясында жергілікті бизнестің халықаралық технологиялар мен сараптамалық тәжірибеге қол жеткізуіне, жаңа өндірістік жобаларды іске асыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және Navigator бағдарламасы арқылы кәсіби дағдыларды дамытуға басымдық беріледі.

    Екінші меморандум Израиль Мемлекетінің ұлттық су компаниясы Mekorot Water Company Ltd. компаниясымен жасалды. Құжат су ресурстарын басқаруды цифрландыру, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жетілдіру, геоақпараттық жүйелерді енгізу және су шаруашылығы инфрақұрылымына цифрлық мониторинг жүргізу бағыттарын қамтиды.

    Аталған меморандумдар халықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды өңірге тартуға, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және Абай облысының өнеркәсіптік әрі инфрақұрылымдық дамуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға негіз болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы" жаңалықтары