
2026 жылғы 23 қыркүйекте Семей қаласында жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік тақырыбына арналған лекциялық-практикалық воркшоп өтеді
Іс-шараны Astana Hub-тың өңірлік филиалы — Semey Hub Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.
Бүгінде жасанды интеллект тек бизнес пен технологияларды дамыту құралы ғана емес, сонымен қатар киберқауіпсіздік саласында жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қалыптастырып отыр. Қаскөйлер AI технологияларын фишингтік шабуылдар, дипфейктер, дауыс клондау және ұйым туралы ақпаратты автоматтандырылған жинау сияқты тәсілдерде қолдана алады. Сонымен қатар жасанды интеллект кибершабуылдарды анықтау және олардың алдын алу үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Воркшоп барысында қатысушылар жасанды интеллекттің киберқауіпсіздіктегі қос рөлін қарастырады: бір жағынан — шабуыл жасаушылардың құралы ретінде, екінші жағынан — ұйымдарды қорғауға көмектесетін технология ретінде.
Практикалық бөлімде қатысушылар:
- AI-фишингтің заманауи тәсілдерін және жалған хабарламаларды анықтауды;
- дипфейктер мен басшылардың дауысын клондау сияқты қауіптерді;
- ұйым туралы ақпаратты автоматтандырылған жинау тәсілдерін;
- мінез-құлықтағы аномалияларды анықтауда AI қолдануды;
- оқиғаларды басымдық бойынша жіктеуді және инциденттерді тергеуге AI көмегін пайдалануды үйренеді.
Сонымен қатар қатысушылар жалған хабарламаларды процесс пен контекст арқылы анықтауды,AI-агент-аналитикке арналған жүйелік промптты және оқу мақсатындағы оқиғалар журналын талдауды тәжірибеде қарастырады.
Воркшопта корпоративтік деректердің ашық нейрожелілерге жіберілуінен туындайтын қауіптерге, prompt injection,ұйым ішіндегі «көлеңкелі AI» қолдануға және «адам бақылауында» (human-in-the-loop) қағидатына ерекше назар аударылады.
Іс-шара соңында қатысушылар «Ұйымның бір беттік AI саясаты» атты чек-парақты толтырып, практикалық кейстерді талдай алады және спикерге өз сұрақтарын қояды. Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушыларға дайын материалдар, AI-агент-аналитикке арналған жүйелік промпт және жасанды интеллектті ұйым ішінде қауіпсіз қолдану бойынша ұсыныстар беріледі.
Спикер Роман Пономарёв — «Mango Development» ЖШС ақпараттық қауіпсіздік инженері. Қосымшалар архитектурасын қорғау, код аудиті және осалдықтарды талдау саласының сарапшысы. Red Bull Basement бағдарламасына арналған SCAMOFF антифишингтік жобасының авторы. Сонымен қатар цифрлық криминалистика және веб-инфрақұрылымды кешенді қорғау бағытында тәжірибесі бар.
📅 23 қыркүйек 2026 жыл | 16:00
📍 Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 107
Іс-шара кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге, цифрландыру және IT мамандарына, сондай-ақ ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге арналған.
Қосымша ақпарат:
Нурмуханова Рысты Қойшыбайқызы
📞 +7 707 304 03 25
📧 [ [email protected] ]









