«Ашық есік күнін»

    «Ашық есік күнін»

    🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 16 шілдеде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандары атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.
    🔹 Іс-шара барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, жеке консультациялар ұсынылды. Сондай-ақ «Adilet.gov» қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды.
    🔹«Adilet.gov» қосымшасының көмегімен азаматтар өздеріне қатысты салынған тыйымдар туралы мәліметтерді өз бетінше қарап, жеке сот орындаушысының қызметақысының мөлшерін есептей алады. Сонымен қатар, жеке сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтініштерді E-Otinish арқылы жолдап, палатадан немесе прокуратурадан ұзақ уақыт жауап күтудің қажеттілігі жоқ.


    Қостанай облысы
    Әділет департаментінің
    баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары