Сырдария ауданында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында аудандық ауруханаға компьютерлік томография аппараты орнатылып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді диагностикалық қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, цифрлық маммограф, портативті ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты және жылжымалы рентген аппараты сатып алынып, медициналық диагностиканың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту аясында аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балалар денсаулығын нығайту және даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтау мақсатында аудандық емхана жанынан «Даму және ерте араласу орталығы» ашылып, өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар, дәрілік заттарды сақтау мен пайдалануды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында алдағы уақытта аудандық аурухана жанынан «Госпитальдық фармация» бөлімшесін ашу жоспарланып отыр.
Аудан басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ саланың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР КЕЗЕҢ – КЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Ұқсас материалдар

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті
Ашу
Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасыАшу
"Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары
СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 44,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуСЫРДАРИЯДА ӨНЕРКӘСІП ӨРЛЕП, ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуБІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ – ҚАШАНДА БАСЫМ БАҒЫТТАРҒА ИЕ
Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу