Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы – Байдушев Димаш Серікбайұлы Мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай көшесі №31,2 қабат, №202 кабинет Эл.пошта: [email protected] Жұмыс тел: 8(72436) 79520 (3605) ұялы: 8 705 506 34 55 Қабылдау күндері: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Ескерту. Әдеп кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында көпшіліктің қарауына қолжетімді жерлерде орналастырылады. Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті. 2-тарау. Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; 2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас; 3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу; 4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету; 5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау; 6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. 3-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады: 1) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; 2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; 3) заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; 4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау; 5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу; 6) лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау; 7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау; 8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану; 9) қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау; 10) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста: 1) ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге; 2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қабылдауға; 3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға; 4) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға; 5) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға; 6) жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге; 7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге; 8) әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірместен, дұрыс нысанда жүргізуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. 4-тарау. Қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. 5-тарау. Қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

    21 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Әдеп жөніндегі уәкілі

    ӘБДІҚАДЫР БАҒДАТ НАЖМЕДДЕНҰЛЫ «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Телефон нөмірі: қызметтік: +7 7242 401191 (7065) ұялы: +7 775 125 3025 Мекенжайы: 120003, Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі №1, 6 қабат, №606 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 17.00-19.00

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    ЕШНИЯЗОВ НҰРЖАН ЕРДІЛДАҰЛЫ "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Телефон нөмері: қызметтік: +7 724-36 79-5-20(3605) ұялы: +7 777 455 6677 Мекенжайы: 120600, Тереңөзек кенті, Абая көшесі №31, 2 қабат, №202 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00 әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?

    Жауап

    Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі? Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге конкурстық негізде 400 АЕК (еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне дейін беріледі. Грант беру комиссия мүшелерінің қолдауымен, комиссия отырысында шешіледі. Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

    ·
    Сұрақ

    Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі? Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін: - порталда тіркелу; - «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау; - грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту; - бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу; - өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек. Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет ғана беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

    Жауап

    Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі Р/с № Құжаттың атауы Құжат/мәліметтер түрі Ескертпе 1. Сауалнама – сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит алуға арналған өтінім түпнұсқа/электрондық құжат 2. Өтініш берушінің/жұбайының жеке куәлігі, өтініш берушінің неке туралы куәлігі құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер 3. Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға және ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ Қарыз алушының/Кепіл берушінің (болған жағдайда) кредиттік есебін алушыға кредиттік есепті беруге келісу түпнұсқа/электрондық құжат 4. Шоттың болуы және оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен несиелік қарыздың болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті адам түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/кредиттік бюродан электрондық форматтағы мәліметтер 5. Кепілмен қамтамасыз етудің құқық белгілейтін құжаттары (сатып алу-сату шарты/ сыйға тарту шарты/ жекешелендіру шарты/ жария ету шарты/Заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік/ қайта жоспарлауды пайдалануға беру актілері/ өтеусіз беру шарты/ айырбас шарты, техникалық паспорт, жер учаскесіне акт. мемлекеттік деректер базасынан көшірме/ электрондық мәліметтер 6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (2-нысан) 7. Бағалау туралы есеп түпнұсқа/электрондық құжат 8. Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі түпнұсқа Осы құжаттардың электрондық нұсқасын және көшірмелерін тапсырасыздар.

    ·
    Сұрақ

    Насие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Насие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады? Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік шоттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттары толыққанды рәсімделіп түгел болуы. Осы екі шартты дұрыс болған жағдайда кәсіп түріне байланысты мемлекеттік бағдарламалар ұсынылады.

    ·
    Сұрақ

    Көшеге немесе нысанға кісі есімін беру туралы ақпарат сұрау

    Жауап

    Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-5 бабы: «Ономастика жұмысының критерийлеріне» және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкестігін ономастикалық жұмысшы тобының отырыстарында қарайды, қолдау тапқан ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының, әрі қарай Республикалық ономастика комиссиясының отырыстарында қаралады. Республикалық ономастика комиссиясы облыстардан түскен ұсыныстарды сараптап, нәтижесімен «Тарихи тұлғалар» тізімін бекітіп, басшылыққа алып жұмыс жасау үшін әкімдіктерге жолдайды. «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген тұлғалар бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына» сәйкес көшеге атау беру жұмыстарын ұйымдастырады. Қағидаға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі, ұсыныстар қалалық, аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Облыстық маңызы бар қаланың көшесіне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Ұсыныстарды қарау нәтижесімен облыстық, Республикалық ономастика комиссиялары Қорытынды береді. Берілген қорытынды негізінде кент, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады. Аудандық маңызы бар қалалардың көшелеріне шығарылған облыстық ономастика комиссиясының Қорытындысына Республикалық ономастика комиссиясының келісімі алынғаннан кейін, аудандық сессияда қаралып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады. Облыстық маңызы бар қаланың көшелеріне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясысының Қорытындысы негізінде облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты өтініштерді қайда және қалай тапсырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді тапсырудың тәртібі заңнамамен бекітілген және бірнеше ресми арна арқылы жүзеге асырылады: Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz), «eGov mobile» қосымшасы арқылы және Мемлекеттік органның кеңсесі, яғни кейбір қызметтер бойынша өтінішті тікелей тиісті органға тапсыруға болады

    ·