
2026 жылғы 09 шілдеде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша Ақжар ауданының Талшық ауылында мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеев ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау ерекшеліктерін, 18 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыс берушілердің міндеттерін, жұмыс уақытының белгілену тәртібін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалануға қатысты заңнамада көзделген қолданыстағы шектеулер мен тыйымдарды реттейтін еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірмелер берілді.









