Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық мониторингісі жалғасуда

    Мектептердің жаңа оқу жылына дайындық мониторингісі жалғасуда
    СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын мониторингтеуді жалғастыруда.
    Мониторингтің бағыттарының бірі — облыс мектептеріндегі педагогтердің бос лауазымдарының (вакансияларының) болуы.
    Департамент қызметкерлері кадр мәселесін шешу бойынша Петропавл қаласының «А. Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, «№26 мектеп-балабақшасы» КММ және «№31 негізгі орта мектебі» КММ жұмысын зерделеді.
    Мектептер бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды Еnbек.kz порталында, әлеуметтік желілерде және білім беру ұйымдарының ресми сайттарында орналастырған.
    №25 ОМ мен №31 НОМ-де педагогтерді лауазымға тағайындау бойынша конкурстар өткізілуде.
    Орта білім беру ұйымдарында педагогтерді лауазымдарға тағайындау конкурсы электрондық форматта «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
    №26 мектепте конкурс тамыз айында өткізіледі.
    Мектептердің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындық мониторингісі жалғасуда.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары