«Ұстаз: жүрек жылуы — ұрпаққа мұра» Ұрпақтар диалогы

    «Ұстаз: жүрек жылуы — ұрпаққа мұра» Ұрпақтар диалогы

    «Ұстаз: жүрек жылуы — ұрпаққамұра»Ұрпақтар диалогы

    Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға алғыс білдіруге және олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясын бастайды.

    Бастама 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде өтетін «Ұстаз - ұлт шамшырағы» іс-шаралары аясында жүзеге асырылады. Осы кезеңде білім беру ұйымдарында педагог мәртебесін арттыруға және ұстаздық кәсіпті дәріптеуге бағытталған мерекелік, ағартушылық және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады7

    30 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжбен бірлесіп «Ұрпақтар диалогы «Ұстаз: жүрек жылуы — ұрпаққа мұра» кездесуін өткізді. Іс-шара ерекше орын — «Мағжан орталығында» ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлерін, қазіргі уақытта қызмет етіп жүрген мұғалімдерді және колледж студенттерін біріктірді.

    Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Тұлғаны тәрбиелеудегі педагогтің рөлі мен «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру туралы Департамент ардагері Кереева Сәуле Әбуқызы айтып берді.

    Диалог алаңы ардагерлердің ғибратты насихатын тыңдауға, бүгінде мектептерде еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандардың пікірін білуге және ұстаздық мамандыққа жас ұрпақтың көзімен қарауға бірегей мүмкіндік берді.

    Кездесу соңында Департамент басшысы Г.Т. Таласбаева нормативтік-құқықтық құжаттарды талқылауға және ведомствоның бақылау іс-шараларына белсене қатысып жүрген Петропавл қаласы мектептерінің педагогтеріне Алғыс хаттар табыс етті.

    СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымы Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің басшылығы мен ұжымына ынтымақтастық орнатқаны және осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

    Облыстың барлық педагогтерін келе жатқан кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, сарқылмас энергия, жаңа табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары