Алматыда қала жастарына кеңес беру, білім беру, шығармашылық, экологиялық және қоғамдық жобаларды жүзеге асыруға арналған 12 комьюнити орталығы жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты. 2026 жылдың басынан бері комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас келді. Осы уақыт ішінде 980-нен астам іс-шара өткізіліп, оған 210 мың адам қатысты.
Жыл басынан бері 7,6 мыңнан астам жасқа түрлі бағытта кеңес берілді. Оның ішінде 5 мың өтініш жұмысқа орналасуға қатысты болса, тағы 2,6 мыңы психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелерін қамтыды. Комьюнити орталықтарының қолдауымен 1,2 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты.
Орталықтарда бағдарламалау, мобилография, шығармашылық бағыттар бойынша курстар, кәсіптік бағдар беру кездесулері және жастар бастамалары тұрақты түрде ұйымдастырылады.
2026 жылдың соңына дейін Алматыдағы комьюнити орталықтарының санын 15-ке дейін көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтермен қамтылатын жастар санын 700 мың адамға дейін жеткізу және кемінде 22 мың кеңес беру көзделген.
Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды
Ұқсас материалдар

“Заң. Әділет. Логика” интеллектуалды Quiz сайысы өткізілді
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы
ҚР СИМАшу
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Алматыда жабайы қоқыс орындары мен аумақтарды ластауға қатысты 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды
Алматы қаласының Полиция департаментіАшу
"Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Алматыда заңсыз нысандармен күрес жалғасып жатыр: дүкен бұзылды
Алматы қаласының әкімдігіАшу