Полицейлер есірткіге қарсы күрес бағытында 200-ге жуық тұрғын үйді аралады

    Полицейлер есірткіге қарсы күрес бағытында 200-ге жуық тұрғын үйді аралады
    Түркістан облысының полицейлері есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Осы бағытта Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
    Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 200-ге жуық тұрғын үйді аралап, жеке тұрғын үйлер, саяжайлар мен жылыжайларда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру деректерінің алдын алу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қатар полицейлер тұрғындармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Азаматтарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі түсіндірілді.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары