
Найроби, 2026жылғы3шілде– Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі , БҰҰ - ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Руанда Республикасының Кениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрнест Руамучиомен , сондай - ақ Оңтүстік Судан Республикасының Кениядағы Істеріне уақытша сенім білдірілген өкілі Чол М . У . Аджонкомен (Chol M. U. Ajongo) екіжақты кездесулер өткізді .
Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері , сондай - ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс - қимыл талқыланды . Қазақстанның БҰҰ аясында су жөніндегі халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдауға ерекше назар аударылды .
Өткен әңгімелесулердің қорытындысы бойынша дипломатиялық миссиялардың басшылары бірлескен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге өзара дайын екендіктерін білдірді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты .









