Қазақстан мен Кения шай хабын құру бастамасын ілгерілету бойынша қадамдар жасауда

    1 / 2

    Найроби, 2026 жылғы 18 қараша.Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Шай кеңесінің Бас атқарушы директоры Уилли К. Мутаймен кездесіп, Қазақстанда кениялық шай хабын құру перспективаларын талқылады.

    Аталған хабты құру бастамасы Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың бірі болған. Кездесу барысында осы уағдаластықты практикалық тұрғыдан іске асыру және кениялық шайдың Қазақстан нарығына, сондай-ақ Орталық Азияның кең ауқымды нарығына қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.

    Тараптар кениялық шай экспорттаушыларын және саланың басқа да мүдделі өкілдерін тарту, Қазақстан нарығына шығуға мүдделі компанияларды анықтау, сондай-ақ шай хабын құру үшін қажеттіліктер мен талаптарды айқындау мәселелерін талқылады.

    Кездесу Қазақстан мен Кения арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы кезекті қадам болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары