Қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қойылатын талаптарды белгілеу және нақтылау туралы

    Қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қойылатын талаптарды белгілеу және нақтылау туралы

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

    Жоба қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді.

    Жобамен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 және № 308 қаулыларына өзгерістер енгізіледі.

    Құжатта ұлттық пошта операторы үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін белгілеу, ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін және өз акцияларын сатып алу шарттарын нақтылау көзделеді.

    Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 234 қаулысына редакциялық өзгерістер енгізіледі.

    Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтынан танысуға болады.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары