Сырым ауданында өткен шара

    ·
    Сырым ауданында өткен шара

    Сырым ауданы Жымпиты ауылында «Заң керуені» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді.

    Іс-шара ауыл әкімдігі ғимаратындағы азаматтарды қабылдау орталығында ұйымдастырылды. Шараға Әділет департаментінің, полиция және прокуратура органдарының, сондай-ақ ауылдық әкімдік өкілдері қатысты.

    Қабылдау барысында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіліп, оларды мазалаған құқықтық мәселелер бойынша толыққанды түсіндірмелер берілді.

    Аталған шараның мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары