Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
«Модная семья» тауар белгісін тіркеу
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Әділет департаменті «Модная семья» киім дүкенінің тауар белгісін тіркеу мәселесі бойынша жеке кәсіпкер «Тахтиев Н.»-ға консультациялық және практикалық көмек көрсетті.
Нәтижесінде «Модная семья» тауар белгісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәтті тіркелді.
Әділет департаменті кәсіпкерлерге өз брендін және айрықша құқықтарын қорғау мақсатында тауар белгілерін уақтылы тіркеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге кеңес береді.




