Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде кибер қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері қауіпсіздік талаптарын сақтау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат берді. Мақсат – қызметкерлердің қауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.



