«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңорынбасары Қаржы министрінің бұйрығына «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің толықтыру енгізу туралы бұйрығының Жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынын талаптарына сәйкес әзірленген.

    Бұйрықпен шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде камералдық бақылауды күшейту үшін, конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды қолдану бөлігінде тәуекел бейіндерін өзектендіру көзделеді.

    Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

    Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында ( http://legalacts.egov.kz) занында – 2023 жылдың 8 желтоқсанда орналыстырылды.

    Бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың
    25 желтоқсанына дейін.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" жаңалықтары