Ел болашағы үшін таңдау: Алматы облыстық мәслихаты депутаттары дауыс беруге қатысты

    ·
    Ел болашағы үшін таңдау: Алматы облыстық мәслихаты депутаттары дауыс беруге қатысты

    Бүгін Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасады.

    Еліміздің болашағы үшін маңызды саналатын саяси науқанға қатысып, азаматтық борыштарын орындады. Әрбір дауыс – елдің ертеңіне деген сенімнің, тұрақтылық пен дамуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Мәслихат депутаттарының белсенділігі қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің үлгісін көрсетеді.

    Бұл таңдау – өңірдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы ортақ мақсаттарға бағытталған қадам. Алдағы уақытта қабылданатын шешімдер мен бастамалар ел игілігіне қызмет етіп, Алматы облысының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары