Малшыбай ауылы тұрғындарымен кездесу хаттамасы және іс-шаралар жоспары
Өткізілген орны: Малшыбай ауылы
Күні және уақыты: 27 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00
Төрағалық еткен: Малшыбай ауылының әкімі – Е.Е. Аянбаев
Қатысқандар: Малшыбай ауылының тұрғындары (11 адам).
Сөз сөйлегендер және сұрақ-жауап:
Серікбаев Төлеген (Малшыбай ауылының тұрғыны):
Сұрақ/Мәселе: Ауылда қаңғыбас иттер көбеюде, үй маңындағы малдарға тиіседі.
Е. Аянбаевтың жауабы: Ұлытау облысы бойынша қаңғыбас иттерді жою мақсатында «Гентвилас» жеке кәсіпкеріне хабарланды.
Ибраева Айжан (Малшыбай ауылының тұрғыны):
Сұрақ/Мәселе: Ауа райы жел күндері үйде жиі жарық сөнеді.
Е. Аянбаевтың жауабы: Малшыбай ауылының электригіне электр желілерін тексеруге тапсырма берілді.
Малшыбай ауылының әкімі: Е.Е. Аянбаев
Хаттама жүргізген: А. Досанов
Жұртшылықпен кездесу барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
(Малшыбай селосының әкімі Е.Е. Аянбаевпен 2026 жылдың 27 ақпанында бекітілген)
- Серікбаев Төлеген (Малшыбай ауылы): Ауылда қаңғыбас иттер көбеюде, үй маңындағы малдарға тиіседі.
Орындалуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар: Ұлытау облысы бойынша қаңғыбас иттерді жою бойынша «Гентвилас» жеке кәсіпкерге хабарланды. 28 ақпанда қаңғыбас иттерді жою ұйымдастырылды.
Орындау мерзімі: 2026 жыл
Жауапты орындаушы: Малшыбай ауылының әкімі Е. Аянбаев
- Ибраева Айжан (Малшыбай ауылы): Ауа райы жел күндері үйде жиі жарық сөнеді.
Орындалуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар: 27-ақпан күні ауыл электригі босаған электр желілерін тартып қалпына келтірді.
Орындау мерзімі: 2026 жыл
Жауапты орындаушы: Малшыбай ауылының әкімі Е. Аянбаев






