Бюджетті тиімді жоспарлау – тұрақты даму кепілі

    ·
    Бюджетті тиімді жоспарлау – тұрақты даму кепілі

    Ақтөбе облысында «Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы аясындағы Бюджеттік қаражатты тиімді жоспарлау» тақырыбында республикалық семинар өтті.

    Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен мәслихат төрағалары қатысты. Сондай-ақ семинарға Алматы облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Болатжан Нұрбеков қатысты.

    Семинардың мақсаты - қазіргі заман талаптарына сай бюджеттік қаражатты тек тиімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар бюджеттік процестің барлық кезеңінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету. Бұл бағытта өңірлерде қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру, бюджеттік жоспарлауды сараптамалық тұрғыдан жүзеге асыру, азаматтардың бюджетке қатысуы мен қоғамдық бақылауын күшейту мәселелері талқыланды.

    Іс-шара соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алдағы уақытта бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізу және оларды тұрақты дамыту бойынша нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспарын бекітті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары