Заңгер лауазымына орналасуға конкурс

    Заңгер лауазымына орналасуға конкурс

    «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды - 1 бірлік.

    «KazAID» КЕАҚ заңгер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

    1. Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы;
    2. Кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде талап-арыз жұмыстарын жүргізумен және мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті;
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасын (атап айтқанда, ҚР Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді) терең білуі;
    4. Процестік құжаттарды (талап-қою арыздарын, наразылықтарды, пікірлерді, шағымдарды) жасау, сот органдарында ұйымның мүдделерін білдіру, сондай-ақ ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларының болуы;
    5. Шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу кезінде жоғары талдау дағдылары, орындаушылық тәртібі және егжей-тегжейге назар аудару қабілеті болуы;
    6. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.

    Кандидаттардан түйіндемелерді қабылдаудың соңғы мерзімі: - 01.08.2026 ж.

    Түйіндемені мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: - [email protected]

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары