
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шет аудандық прокуратурасы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі және Жастар ресурстық орталығы бірлесіп қоғамға ой салатын бейнеролик әзірледі.
Бейнероликтің негізгі мақсаты – тазалықтың мамандыққа, қызметке немесе жасқа байланысты емес екенін көрсету.
Таза қоршаған орта – ортақ құндылығымыз. Сондықтан табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Таза Қазақстан – өзіңнен басталады!







